
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, кездесу барысында туризм, көлік және логистика, мұнайды терең өңдеу және өзге де перспективалы салаларға инвестиция тарту мәселелері талқыланған. Тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізген.
Сонымен қатар Жоғары мәртебелі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян алдағы уақытта Маңғыстау облысына арнайы сапармен келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында облыс әкімдеріне өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай, Маңғыстау облысының әкімдігі берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында алғашқы қадамдарын бастап кетті.