Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2023

«Қазақтың Ломаченкосы» кубалық қарсыласын рингте қуып жүріп «сабады»

3074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан «IBA-ның Чемпиондар түні» бокс кешінде қазақтың былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан кубалық Роландо Мартинес Переспен шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақтың Ломаченкосы» кубалық қарсыласын рингте қуып жүріп «сабады»

Фото: Sports.kz

Спорт сүйер қауым арасында «Қазақтың Ломаченкосы» аталып кеткен Махмұд Сабырхан Куба боксшысын қуып жүріп «сабады». Бұл туралы Sports.kz жазды.

Дәлірек айтқанда, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке шыққан екі боксшы алты раунд өткізді. Төрешілер отандасымыз Сабырханды жеңіске лайықты деп санады.

Еске салайық, Махмұд Сабырхан қазіргі әлем чемпионы, ол биыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі.