Қаржы • 06 Желтоқсан, 2023

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері мен ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді

фото: naryk.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.

Аталған заңның 9-бабында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі туралы айтылады. Яғни, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өзгереді.

Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 407 теңгені құрайды.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025