Спорт • 06 Желтоқсан, 2023

Жалғас Жұмағұлов Астанада өтетін жекпе-жектен қанша сыйақы алады?

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Naiza 55 турнирі өтеді.

Жалғас Жұмағұлов Астанада өтетін жекпе-жектен қанша сыйақы алады?

zhumagulov_zhalgas

Ұзын-ырғасы  15 жекпе-жек  ұйымдастырылатын айқаста Жалғас Жұмағұлов та өнерін көрсетеді.  Ол бұған дейін ММА әлеміндегі ең таңдаулы ұйым саналатын әйгілі UFC өрісінде сынға түсті, басқа да айтулы промоутерлік компаниялардың чемпиондық белбеуін иеленді. Жапон Накамураға қарсы октагонға шығатын Жалғастың жекпе-жекке келісім бергені үшін алатын сыйақы сомасы 30 миллион теңге екені рас па?  Naiza tv  ютуб арнасына сұхбат берген лиганың матчмейкері Жандарбек  Кисимов  Астана төрінде өтетін айқаста Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетсе, қомақты сыйақыға кенелетінін айтты.

«Жалғастың қарсыласы бразилиялық Яго Рибейро болған, бірақ ол көзінен жарақат алып, отаға түсті.  Дәрігерлер  ұзақ уақыт физикалық күш түсіруге рұқсат бермегендіктен,  келе алмады. Оның орнына жапон Накамура деген спортшыны шақырттық. Жалғас Жұмағұлов  Naiza-ның тарихында әзірге ең көп сыйақы алған спортшы саналып отыр. Жекпе-жекке келіскені үшін алатын сыйақысы бар, жеңіске жетсе тағы да бонус қосылады. Әрине ол  ММА әлемінде  еліміздің байрағын талай додаларға желбіретіп, абыройымызды асырды. Сондықтан қомақты  қаражат алуға лайықты», деді Жандарбек  Кисимов.  

Бүгінгі доданың басты жекпе-жегінде Диас Еренғайыпов жапон Руи Фукудаға қарсы жекпе-жекке шығып, чемпиондық белбеуін қорғайды.