Футбол • 01 Желтоқсан, 2023

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голды анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды

УЕФА футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голын Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік гол деп таныды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Асхат бірінші орында. Екінші және үшінші орынды Албания ұлттық құрамасының ойыншылары бөліп алды.

Қазақстан футболшысынан бөлек Жан Випотник (Словения), Эмин Махмудов (Әзербайжан), Юнус Акгюн (Түркия), Килиан Мбаппе (Франция), Ясир Асани (Албания), Кристьян Аслани (Фарер аралдары), Букайо Сака (Англия), Сандро Вольфингер (Лихтенштейн), Леандро Троссар (Бельгия) соққан голдары да үздіктер қатарында болған еді.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген маусым қорытындысы бойынша үздік гол авторына беретін «Пушкаш» трофейіне де үміткерлер қатарында.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025