Заң • 07 Қараша, 2023

2024 жылы Үкімет 16 заң жобасын әзірлейді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет отырысында 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылы Үкімет 16 заң жобасын әзірлейді

Фото: ашық дереккөз

«Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмалары, стратегиялық құжаттар, мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарының жобасын дайындады. 2024 жылға арналған жоспар жобасында цифрлық технологияларды дамыту, әлеуметтік сала, зияткерлік меншік саласы, инновациялар, ғарыш саласы және басқалар сияқты тиісті салалар бойынша 16 заң жобасын әзірлеу көзделген», деді Азамат Есқараев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоспарланған 16 заңның 2 заң жобасы бұрын шешілмеген қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған («Цифрлық кодекс» және «Эндаумент қорлары»).