Медицина мамандардың айтуынша, елімізде мерзімінен бұрын туған нәрестелердің үлесі азайып келеді. 2023 жылы 7,3% болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,2%-ға түсті.
Елде ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі үздіксіз дамып, осы бағытта бірнеше маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр:
- алдын алу бағдарламалары кеңейтіліп, әйелдердің жүктілікті жоспарлаудан бастап босанғанға дейінгі кезеңде сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі артты;
- перинаталды орталықтар жаңартылып, заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялар енгізіліп жатыр;
- әйелдерді әлеуметтік және психологиялық қолдау күшейтілуде, бұл әсіресе көпбалалы отбасылар мен жас аналар үшін маңызды.
Сонымен қатар, репродуктивтік бағдарламаларға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары ЭКО (жасанды ұрықтандыру) арқылы да мыңдаған бала дүниеге келген.