Фото: Қарашығанақ баспасөз қызметі
PSA уәкілетті органының хабарлауынша, оператордың ұсынған шығын сметасы бастапқы жоспардан бірнеше есе асып кеткен, бұл жобаны Қазақстан үшін тиімсіз етті. Сонымен қатар, оператор жобаны бекіту мәселесін басқа тікелей қатысы жоқ сұрақтармен байланыстырып отырған, бұл келіссөз процесін қиындатты.
Алайда, Қазақстан газ өңдеуді толық тастамайды. Қазір жаңа газ өңдеу зауытын жобалау жұмыстары басталды. Ел енді жобаны тиімдірек, шығындарды азайтатын және экономикалық пайдасы жоғары жаңа модель бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Қарашығанақ – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды актив. Сондықтан жобаның жаңа форматы тек өндірістік объект емес, елдің энергетикалық тұрақтылығы мен шикізатты тиімді пайдалану стратегиясының бір бөлігі болады.