1/8 финалда ол аустралиялық Талия Гибсонға (WTA рейтингінде 68-орын) қарсы ойнады. Матч 1 сағатқа жуық уақытқа созылып, Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде біздің спортшы америкалық Джессика Пегулаға (5-орын) қарсы ойнайды. Джессика өз кезегінде румыниялық Жаклин Кристианды (36-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын. Кездесу 25 наурызға жоспарланған.
Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді
Айта кетейік, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы матчында қазақстандық Юлия Путинцеваны (75-орын) 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Одан кейін украиналық Марта Костюкті (28-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры шамамен 18,8 млн долларды (9 млрд теңгеден астам) құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен ойыншылар 1,15 млн доллардан аса сыйақы алады.
Қазіргі турнирдің чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенко.