Президент • 03 Қараша, 2023

Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне өзі арнайы қатысқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен бүгінгі кездесуі бауырлас екі ел мен оның халықтары арасындағы өзара серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамуда және стратегиялық әріптестіктің деңгейіне толық сай келеді.

– Қазақстанда Сізді Түрікменстанның көшбасшысы, заманымыздың көрнекті мемлекет қайраткері ретінде таниды. Сіз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қостыңыз. Сондықтан Сіздің осы жиынға келуіңіздің және бүгінгі кездесуіміздің саяси мәні зор деп санаймын. Екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайту тұрғысынан пысықтайтын ортақ істеріміз бар. Біз – бауырлас әрі көршілес елдерміз. Қазақстан мен Түрікменстан арасында ешқандай түйткіл жоқ. Екі ел бір-біріне қашанда тілеулес, – деді Мемлекет басшысы.