Қоғам • 31 Қазан, 2023

Ақтаудағы балалар өлімі: вице-министр пікір білдірді

141 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда жәндіктерді улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Орталық басқару орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тұрғын үйлерде дезинфекция құралдарын пайдалану мәселесі заңмен реттелмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтаудағы балалар өлімі: вице-министр пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта зиянкестерден зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, барлығы ауруханадан шығарылып, үйлеріне жіберілді.

«Екінші жағдайда дезинфекциялаушы зат қолданылды, ол әдетте ауыл шаруашылығында қолданылады, оны тұрғын үйлерде мүлдем пайдалануға болмайды. Тиісінше, бұл өнімді пайдалану жоғарғы қабаттағы көршілердің улануына себеп болды», деді Айжан Есмағамбетова.

Еске сала кетсек, алғашқы улану оқиғасы 21 қазанда болған. Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде залалсыздандыру жұмыстары кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы салдарынан жеті адам зардап шекті. Зардап шеккен екі адам, үш жасқа дейінгі балалар улану салдарынан көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәл осындай жағдай 27 қазанда да болды. Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде төсек құрттарын улау кезінде бес адам, оның ішінде үш жас бала уланды. 

Айта кетсек, тұрғын үйлердегі зиянкестерді улау қызметі лицензияланбаған. Айжан Есмағамбетова зиянкестерге қарсы қауіпті өнімдерді қолдану жағдайларының көбеюіне байланысты бұл қызмет түрін лицензиялау енгізіліп жатқанын қоса айтты.

«Бұл қызмет 2007 жылға дейін жалпы лицензияланған еді. 2007 жылдан бастап лицензиялау жойылды. Бірақ қазір мұндай улану оқиғалары жиі тіркеліп жатыр. Сондықтан «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңның аясында бұл ереже енгізілді», деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024