Саясат • 19 Қыркүйек, 2023

Сенімге негізделген әріптестік

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасы Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Пань Юэмен кездесті.

Сенімге негізделген әріптестік

Кездесу барысында екі­жақты ынтымақтастық мәсе­лелері, сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі­нің салалық бағынысты ұйым­дары мен ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік ко­митеті арасында іскерлік бай­ланыстар орнату келешегі талқыланды.

Аида Балаева қытайлық әріп­тесінің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапарымен келгеніне қошемет білдіріп, Қытайдың алдағы басты мерекесі – Қытай Халық Республикасының құ­рылу күнімен құттықтады. Сондай-ақ екі мемлекет басшылары арасында қолжеткізілген өзара сенім мен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі екіжақты ын­тымақтас­тықты нығайтудың ма­ңызды­лы­ғын атап өтіп, әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Пань Юэ мырза әріптесіне шақырту үшін алғыс біл­діріп, қазақ-қытай қарым-қатынас­тарының дең­гейін жоға­ры бағалады және бұл сапар ын­ты­мақтастықты одан әрі нығай­ту­ға жаңа серпін бере­тініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Пань Юэ мырза министр Аида Балаева­ның жаңа лауазымына табыс тілеп, оны өзара әріптестік аясында ҚХР-ға жұмыс сапармен келуге шақырды.

Тараптар этносаралық қаты­настарды реттеу саласын­дағы ынтымақтастықты арттыру перспективаларын талқылай отырып, екіжақты байланыс­тарды дамытуға назар аударды, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мем­лекеттік комитеті арасын­дағы өзара түсіністік пен ын­ты­мақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды.

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025