Теннис • 06 Қыркүйек, 2023

Испаниядағы турнирде Қазақстан теннисшілері өзара кездеседі

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан сапынан өнер көрсететін Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп жазады Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Испаниядағы турнирде Қазақстан теннисшілері өзара кездеседі

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Әлемнің 129-ыншы, аталған жарыстың 6-ракеткасы Тимофей Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен ойын алаңына шығып, қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.