Қоғам • 29 Тамыз, 2023

Үлкен жүлде Гроссқа бұйырды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған қызмет көрсету саласындағы өзге этнос өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Үлкен жүлде Гроссқа бұйырды

Тұңғыш рет Петропавл қаласында ұйымдас­тырылған бұл байқауды Тіл саясаты ко­митеті Мемлекеттік тілді да­мыту және лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы Гүлфариза Мұқан құт­тықтау сөзбен ашып: «Әлемдегі жаһандану үдерісі әр халықтың алдына өз­дерінің ұлттық рухани-мәдени құн­дылықтарын жандандыру міндетін қойып отыр. Осы ретте біз үшін қазақ ті­лінің әлеуметтік мәртебесін жо­ға­рылату, мем­лекеттік тілді ру­хани-мәдени құндылық ретінде дәріптеу аса маңызды. Биылғы байқау қызмет көр­сету саласы бойынша өт­кізіліп отыр», деді ол.

Мемлекеттік тілдің қол­даныс аясын ке­ңей­ту мақсатында ұйым­дасты­рылған байқау «Жұл­дызды сәт», «Сөз­дің көркі», «Ой ұшқыны», «Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап» деп аталатын төрт кезеңнен құ­ралып, оған өңірлерден ірік­теліп келген үздіктер қатыс­ты.

Үздіктерді саралаған фи­лология ғылымдарының докторы Қасиет Кәкенұлы бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Павлодар қаласы Халыққа қызмет көрсету орта­лығының қызметкері Гросс Ингаға бұ­йыр­са, бірінші орын­ға Орта Азия Ин­нова­циялық университетінің «Ау­дарма ісі» мамандығы бо­йынша 4-курс студенті Ин­тизора Нусратуллаева ла­йықты деп танылды. Екінші орынды Ұлы­тау облысы, Қаражал қа­ла­сы Жәйрем кен байыту ком­би­натының бас маманы Мак­сим Ентальцев жеңіп алды. Үшінші орын «Қазақтелком» АҚ филиа­лының корпоративтік бизнес жөніндегі сату үде­рістерін қолдау секторының маманы Аделя Мурзинаға бұйыр­ды. Қалған қатысушылар ын­та­ландыру сый­лығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10