Қоғам • 17 Тамыз, 2023

«Қазақша ойлай бастадым»: ұлты орыс жігіт қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде танысымен қазақ тілінде еркін сөйлесіп отырған орыс жігітінің видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақша ойлай бастадым»: ұлты орыс жігіт қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

Фото: pavlodarnews.kz

Pavlodarnews.kz ұсынған мәліметіне сүйенсек, Родион Ивановтың таяуда TikTok желісінде шыққан видеосы 2 миллионнан аса қаралым жинаған. Желі қолданушылары ұлты орыс жігітінің қазақша таза сөйлегеніне риза болып, жылы лебіздерін жарыса жазып жатты.

Ал Родионның айтуынша, желіде тараған видеоны осыдан екі жыл бұрын әпкесі түсіріп алған.

«Бұл –  мұрағаттық видео, оның бүкіл жерде тарап кететінін күтпедім», – дейді ол. 

Родион орыс тілді балабақша мен мектепке барған, ал қазақ тіліне оқушы кезінде қызыға бастаған.

«Екінші сыныпта қазақ тілін оқып жүргенімде «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген кәріс сериалдарын қарап, сол арқылы үйреніп алдым. Сериалды орысша субтитр арқылы қараған едім», дейді Родион. 

Отбасында бес адамның ішінен тек Родион ғана қазақ тілін еркін меңгерген екен.

«Мен қазақша ойлай бастадым. Кейде ойлаған нәрсені айтпай қоямын, себебі тыңдаушы адам мені түсінбей қалуы мүмкін екенін білемін. Сондықтан ойымды орысшаға аударуға тура келеді», дейді Родион.

Оның ойынша, қазақ тілін үйрену үшін ең бастысы «қ», «ғ» сынды төл дыбыстарды жаттап алу керек.  

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025