Жеңіл атлетика • 16 Шілде, 2023

Бангкокта бас жүлде бұйырды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері еліміздің ең мықты жеңіл атлеттері Тайландтың астанасы – Бангкокта өтіп жатқан Сары құрлық бірін­шілігінде ел намысын қорғап ­жатыр.

Бангкокта  бас жүлде бұйырды

Азия біріншілігінің кезекті жарыс күнін­де өнер көрсеткен үш отандасымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Әйелдер арасын­дағы биіктікке секіру бәсекесінде сынға түскен Кристина Овчинникова мен Ели­завета Матвеева бірдей нәтиже көр­сетіп (186 сантиметр), жеңіс тұғырына көте­рілді. Жеке көрсеткіштер бойынша бас жүлде Овчинникованың еншісінде кетсе, күміс жүлде Матвееваға бұйырды. Ал қола ме­дальді 183 сантиметрге секірген өзбек­стандық Светлана Радзивил жеңіп алды.

Сонымен қатар ядро лақтыру бойынша ел үздігі Иван Иванов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Шарболатты 19.87 метрге лақтырған отандасымыз Азия чем­пио­натында ел қоржынына төртінші ме­дальді салды.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45