ТАРИХИ ЕРЛІК ЖАЛҒАСА БЕРСІН
Мемлекет басшысының атына “Болашақ мақсатындағы зерде” халықаралық форумына қатысушылардан ұжымдық хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Араларында Ресейдің, Беларусь Республикасының, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Израильдің, АҚШ-тың, Франция мен Швейцарияның азаматтары бар авторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының шақыруы бойынша өздерінің Қазақстанға келіп, “Болашақ мақсатындағы зерде” жобасының шараларына қатысып, қазақстандықтармен пікірлесе, “АЛЖИР” мемориалдық мұражайында бола алғаны үшін ризашылықтарын білдіреді. Халықаралық форумға қатысушылар репрессиялардың бейкүнә құрбандарының жарқын бейнесін сақтауға көңіл бөліп отырғаны үшін тікелей Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтады. “Біз үшін қасиетті орындарға тағзым етуге Сіздің тамаша еліңізге келгенде Сіз бізбен тікелей кездесуді қажет деп тауып, зор көңіл және адами қатыстылық танытады деп ойлай қойған жоқ едік. Сізбен кездесуде біз қазақ халқының ізгі жанының бүкіл кеңістігі мен жылылығын шын жүректен сезіндік және сол кезде Қазақстанда болған лагерлер арқылы өткенде біздің ата-аналарымыз неліктен тірі қалғанын, олардың ұрпақтары бізге де ыстық әрі етене болған Сіздің еліңізді неліктен жылылықпен еске алатынын түсінгендей болдық. Қорқынышты жылдар мен тоталитарлық террор құрбандары туралы зердені сақтау үшін Сіз жасап отырған нәрсе – бұл тарихи ерлік. Біз лагерлердің орнында мемориалдық кешендер, ескерткіштер тұрғызылғанын, Сіздің бастамаңыз бойынша міне он жылдан астам уақыт бойы 31 мамыр Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып отырғанын көрдік. Бұл бұрынғының қасіреті қайталанбауы үшін тарихқа қалай қарау керектігі тұрғысынан баршаға өнеге, бұл рухани бастауды сақтау, бұл – Тағзым тағылымы. Ең бастысы – бұл репрессиялардан өзі де сұмдық зардап шексе де, сол қатал уақытта зорлық көрген барлық халықтарды жадында мұқият сақтап келе жатқан қазақ халқының жоғары адамгершілік сезімінің өнегесі. Қазақ халқына рахмет айтып, тағзым етеміз! Біз Сіздің жеріңізден бейбітшілік пен келісімді көрдік. Соның арқасында Қазақстан миллиондаған адамдар үшін тозақ болған жер аудару мен лагерлер орнынан өркендеген елге айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан құрылған сәттен бастап Сіз жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Осындай Президенті бар халық бақытты! Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!” – делінген хатта.Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35