Бұл жөнінде кеше ҚР Президентінің Алматыдағы резиденциясында Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылға арналған мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі, аталмыш комиссия төрағасы Қанат Саудабаев екпін түсіре айтты.
Жалпы, биылғы жылы мемлекеттік сыйлыққа 3 аталым бойынша 35 үміткердің туындысы қабылданған. Оның 17-сі әдебиет, 10 туынды музыка, театр және кино саласынан, 8 шығарма бейнелеу және сәулет өнері бойынша. Ұсынылған шығармалардың авторлары – еңбектері Қазақстанның жалпы жұртшылығына, қоғамға кеңінен танымал, еліміздің әдебиеті мен өнері саласының белгілі тұлғалары. Олардың қатарында Мұхтар Мағауин (“Жармақ” романы), Қытайдағы қандас жазушы Қажығұмар Шабданұлы (“Қылмыс” романы), Сәбит Досанов (“Намыс найзағайы” романы), Смағұл Елубаев (“Ақ боз үй” трилогиясы), Жұмекен Нәжімеденов (“Менің Қазақстаным”), Несіпбек Айтұлының (“Ерлікке ескерткіш”) өлеңдер жинағы, т.б. бар. Ал кино, театр, музыка саласы бойынша Шәмші Қалдаяқов, Кеңес Дүйсекеев, Талғат Теменов, Секен Тұрысбек, Марат Бейсенғалиев, Әлібек Дінішев, бейнелеу мен сәулет саласындағы үміткерлер қатарында Еркін Мергенов, Әлібай мен Сәуле Бапановтар, Амандос Ақанаев сынды танымал тұлғалар бар.
– Биылғы тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Мемлекеттік сыйлыққа ие болатын шығармалар – халқымыздың рухани өркендеуінің шынайы көрінісі болуы шарт. Сондықтан ұсынылған шығармаларға деген талап күшейтіліп, комиссия мүшелеріне деген жауапкершілік артады, – деді кіріспе сөзінде Қанат Саудабаев.
Отырыста Мәдениет министрі, комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед биылғы жылы 3 аталым бойынша ұсынылған шығармалар бұғанға дейін де жұртшылықтың назарындағы танымал еңбектер екеніне, сыйлықтың ережелері мен шарттарына тоқтала келе, кейбір дүниелерге қосымша түсініктеме бере кетті. Мәселен, ұсынылған шығармалар кейінгі бес жыл ішінде жариялануы, бір автор қатарынан екі, үш рет сыйлыққа шығармасын ұсына алатындығы, заңда, ережеде ешқандай шектеу болмағандықтан, шетте тұратын азаматтарымыз да өз еңбектерін бәйгеге қосуға мүмкіндігі барлығын жеткізді.
– Бұрынғы комиссияның шарты бойынша Мемлекеттік сыйлықты бір рет алған адам, екінші қайта ұсынылуға хақысы жоқ болатын. Бірақ, 2007 жылы бұл ережеге тиісті өзгеріс енгізіліп, кей жағдайда, яғни, жаңа шығарма жазған жағдайда қайтадан ұсынуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ өзі дүниеден өтіп кетсе де бұрын жарияланбаған шығармалары болса, Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылады, – деді министр.
Бәйгенің аты – бәйге. Жыл сайын өтетін осы бір шығармашылық додаға алуан түрлі жүйрік қосылып, онда тек оза шапқан жүйрік қана олжалы болып, біреу қуанып, біреу ренжіп жатуы заңды нәрсе. Биыл да солай. Бірақ, бір ерекшелігі, өздері болмаса да көздеріндей, артында тірілермен қатар оза шабар дүниелер қалдырған екі классик ағамызды бөле-жара айтқымыз келеді.
Үзілісте комиссия мүшесі, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековке жолығып, биылғы бәйге туралы ойын білген едік. “Биыл өзі ханталапай болайын деп тұр. Әдебиет саласына ұсынылған 17 шығарманың 4-і поэзия, қалғандары проза. Олардың ішінде әдебиеттің деңгейін көтеретін шығармалар бар, бір қуаныштысы, өткен жылға қарағанда жақсы дүниелер көп. Тіпті, Қытайда 40 жыл түрмеде отырған қандасымыздың да еңбегі бар. Яғни, лайықты шығарма көп, ал сыйлық біреу-ақ. Бүгінгі отырыста ішім қан жылап, солардың он екісін сызуға тура келеді. Бірақ, бәйгенің шарты сол – одан бір ат қана оза шауып келуі және ол – Құлагер болуы керек” десе, белгілі өнер қайраткері, талантты актер Тұңғышбай Жаманқұлов: “Мен ойлаймын, осы мәреге кеткен шығармалардың бәрі жүйрік. Бәріне бірдей жалпақшешей бола алмайсың. Түптеп келгенде, көпшілік дауыс объективті шындықты шығарады. Биылғы өнердегі ұсынылған шығармалардың дені жоғары деңгейде. Тіпті, аты-жөні Қазақстанды қойып, ТМД-ға, шетелге танылған үлкен шығармашылық замандас бауыр-інілеріміз де бар. Сондықтан да комиссия мүшелерінің қиналатынындай бар”, деді.
Отырыс барысында келесі кезеңге өту үшін әдебиет саласы бойынша – бес, қалған екі сала бойынша алты шығармадан таңдап алу ұсынылды. Бұлар жасырын дауыс беру арқылы анықталды. Комиссияның келесі отырысында осы таңдап алынған туындылардың ішінен әр аталым бойынша бір-бір шығармадан Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Қысқы спорт • Бүгін, 17:25
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Технология • Бүгін, 17:00
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22