Қоғам • 26 Маусым, 2023

«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаев ұсталды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланды деген күдікке ілінді.

«Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті», делінген хабарламада.

Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды.

«ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді», деп қосты ведомство баспасөз қызметі.