
«Менің Қазақстанмен ерекше байланысым туралы айттыңыз. Иә, анам Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда алты жыл өмір сүрді. Анам сол қиын-қыстау шақта қазақ халқы оларға мейірімділік танытқанын үнемі айтып отыратын. Сондықтан менің Қазақстанға деген көңілім ерекше. Сізді Астана халықаралық форумын табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Сіздің сөйлеген сөзіңізді айрықша ықыласпен тыңдадым. Дұрыс айтасыз, бізге сын-қатерлерді анықтап, түйткілдерді шешу үшін ортақ диалог қажет. Жаһандық деңгейдегі қазіргі күрделі мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі», деді Еурокомиссар.