Бірінші болып қарсылас команда есеп ашқанымен, қазақстандық хоккейшілер тез арада екі шайбамен жауап берді. Үшінші кезеңде ұлттық құрама толық басымдық танытып, қатарынан жеті гол соғып, айқын жеңіске жетті. Қорытынды есеп –10:2.
Осылайша Қазақстан құрамасы чемпионаттағы екі ойында да жеңіске жетіп отыр.
Келесі кездесу 21 сәуір күні Украина құрамасына қарсы өтеді. Жаттықтырушы Максим Худяковтың шәкірттері алдағы матчқа дайындықты жалғастыруда.