Пікір • 09 Маусым, 2023

Үнқатысу күшейгені тиімді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан форумның әлемдік мән-маңызы ерекше. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ашық әңгіме алаңы дағдарыстарды еңсеру үшін бүкіл әлемнің күшін біріктіріп отыр.

Үнқатысу күшейгені  тиімді

Осы тұрғыда Экономикалық және әлеуметтік кеңестің негізгі мақсаты – барлық елдерде «қуатты, инновациялық және нақтылы іске асырылатын саяси басшылықты» қамтамасыз ету екенін баса айтқым келеді. Әлемнің түк­пір-түкпірінен келген дипломаттар, БҰҰ өкілдері мен сарапшылар геноцид, этностық тазарту, әскери қылмыстар мен адам­затқа қарсы қылмыстардың алдын алу шараларын жан-жақты талқылады. Геноцид белгілі бір ұлтқа, нәсілге немесе дінге жататын адамдар тобына қар­сы бағытталған әрекеттерді білдіреді. БҰҰ жаһандық дағдарыстар, соның ішін­де қақтығыстар мен азық-түлік пен энер­гия бағасының өсуі аясында мұн­дай қаты­гез­діктің қаупі арта түсті деп біле­ді.

Жағдайды COVID-19 панде­мия­сының салдары және климаттың өзгеруі қиындатып жіберді. Осы тұрғыда бүкіл адам­затқа ортақ негізгі құқықтар мен бос­тан­дықтарды қорғаудың рөлі ерекше. Оларды жүйелі жүзеге асыру үшін халық­ара­лық үнқатысуды күшейтіп, осындай өзара тиімді форумдарды жиі өткізіп тұру керек.

 

Лачезара СТОЕВА,

Болгарияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің төрағасы

 

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше