Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен – 500 млн, банк тарапынан 250 млн теңге қарастырылды.
Наурыз айынан бері жүргізілген ақпараттандыру жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Өйткені бағдарламаға қатысуға 350-ден аса өтініш түскен. Бірақ бағдарлама критерийлеріне сәйкес 75 өтініш қабылданып, соның 69-ы іріктеліп алынды. Өтінімдердің басым бөлігін білім беру саласының өкілдері құрады, яғни, 55 өтініш облыс аумағындағы мектеп, колледж ұстаздарынан, 13 өтінім денсаулық саласының жас мамандарынан, қалғандары спорт, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік сала қызметкерлерінен түсті.
Қазіргі уақытта «Отбасы банкі» 29 жастың төлем қабілетін растап, несие өтінімін мақұлдады. Олардың арасынан 10 жасқа сертификат тапсырылды.
«Біз алдағы уақытта бағдарлама аясын кеңейтуге шешім қабылдадық. Келесі жылы бағдарлама қатысушылары қатарына коммуналдық кәсіпорындар жұмыскерлерін, ауыл шаруашылығы саласының және мемлекеттік қызметкерлерді де қосуды жоспарлап отырмыз», деді облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы сертификат тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде.
Жиында жеңілдікті несиеге қолдары жеткен жастардың алғысын Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мектеп-интернаттың география пәнінің мұғалімі Диас Көпешов жеткізді.
Жезқазған