Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Стандарттарға сай стадион

Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионы осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Облыс орталығындағы бұл нысанды жаңартып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары Республика күні қарсаңында аяқталып, көпшіліктің көзқуанышына айналды.

Аймақтар • 23 Қазан, 2024

Қаражалдағы қоныстой

Республика күні қарсаңында Қаражал қаласындағы 10 отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Аймақтар • 23 Қазан, 2024

Тұлға есімі гимназияға қалай берілді?

Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназияға биыл 30 жыл толды. Экономикалық қиыншылыққа қарамастан, 1993 жылы сол кездегі қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәденова шаһар әкіміне қалада гимназия ашу туралы ұсыныспен шығады. Бұл ұсыныс қолдау тауып, №19 мектептің қосымша ғимараты ретінде салынып жатқан нысанды гимназияға беру туралы ұйғарым жасалады да, сол кездегі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі құрылысты жедел аяқтауға кірісіп кетеді. Сөйтіп, 1994 жылы Әлия Кәмешқызы гимназия директоры болып тағайындалды. Сол жылы 1 қыркүйекте гимназия ресми түрде жұмысын бастады.

Аймақтар • 18 Қазан, 2024

Ондықтан озық шыққан үшеу

Ұлытау облысында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары анықталды. Бренд комитеті комиссиясының мүшелері финалға өткен ондықтың ішінен үш үздікті таңдады. Кезінде Жапон елінде ойлап табылған бұл жоба кейінгі жылдары елімізде де қанатын кеңге жайып келеді. Өңірлерді дамыту, әсіресе, ауылды жерлердегі кәсіп көзін көбейту мақсатын көздейтін жобаның облыс экономикасын көтеруге тигізетін үлесі де артып келе жатқаны байқалады. Өйткені облыста жыл сайын бағдарлама бойынша өтетін байқауға қатысушылар қатары көбейе түсті. Бренд комитеті таңдау жасаған облыстағы үш үздік шыққан кімдер?

Қоғам • 10 Қазан, 2024

Тұтынушыға – сапалы өнім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жол­­дауында тұтынушы құқын қорғауға арнайы көңіл бөліп, Үкі­метке, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасына ішкі нарық пен отан­дық өндірушілерді қорғауға бағыт­талған сауда саясатында рет­теуші шараларды әзірлеуді тап­сырған болатын.

Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Белсенділік жоғары болды

Референдумға Ұлытау облысы аумақ­тық комиссиясы тыңғылықты дайын­да­ла білді. Соның нәтижесінде об­лыс бойынша құрылған 6 аумақ­тық, 132 учаскелік комиссия өздері­не жүктелген ұйымдастыру мінде­тін абыроймен атқарды. Облыс қалаларындағы 21 учас­кеде дауыс берушілер тізімін тек­серетін онлайн-сервистер, ал 6 учас­кеде азаматтарды тіркеуге сервистер орнатылды. Облыс бойынша тізімге 138 612 адам енгізілді.

Ұстаз • 07 Қазан, 2024

Педагогтер әулеті

«Бұл әулеттегі мұғалімдер шетінен физик, мате­матик,арасында қазақ тілі мен әдебиетін таң­дағандары да бар» деп сырттан сипаттамасын естіген әулеттің өкілі Шайзат Тілеуованың ұстаздық өтіліне биыл 37 жыл толыпты. 1987 жылы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт Ата атындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдаған жас маман туған ауылы Қоскөлге қайта оралған еді. Содан бері ешқайда табан аудармастан осындағы №11 мектепте еңбек етіп келеді.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Ең қарт тұрғын да қалыс қалмады

Еліміздегі жасы ең үлкен кейуана Түймегүл Темірбаева облыстың Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар ауылында тұрады.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Әжелер келді ән салып...

Сәтбаев қаласындағы №292 референдум учаскесі Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайында орналасқан. Мұнда қалалық «Ақ әжелер» ансамблі бар. Ансамблдің бірнеше мүшесі осы учаскеге тіркелген екен. Олар өзара ақылдасып, референдумға ерекше салтанатпен баруды ұйғарыпты.

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Ардагерлер ардақталды

Облыстық ардагерлер кеңесі Қарттар күніне орай ардагерлерге арнап әдеттегіден тыс ерекше сый-сияпат жасады. Еліміздегі, соның ішінде облыстағы ардагерлер қозғалысының дамуына айрықша үлес қосқан, бас­тауыш ұйымдарда немесе жергілікті кеңестерде кемі 5 жыл еңбек еткен ар­дагерлердің бір тобына «Ұлытау облысының құр­метті ардагері» төс­белгісі табысталды.