«Таза Қазақстан» • 10 Тамыз, 2024
Мәңгілік мекен – қорымдардың тазалығына мән бере қоймайтынымыз жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтырып, Ұлытау облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қорым да таза болсын!» деген тақырыппен облыс қорымдарында сенбілік өтті.
Қоғам • 08 Тамыз, 2024
Сәрсенбай ақсақал тағы да сапар шекті
Ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашовтың есімі кейінгі екі-үш жылда халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ол 2022 жылы еліміздің барлық облысын жаяу аралап шықты. Сол жылы 72 жастағы қария 8 мың шақырымды еңсеріп, Қазақстан рекордтар кітабына енгізіліп, арнайы сертификатқа ие болды. Ақсақалдың сол сапардан кейінгі «ендігі арманым – әлемді жаяу аралау» деген сөзіне күлгендер көбірек болған.
Аймақтар • 30 Шілде, 2024
Биыл қала мәртебесін иеленгеніне 70 жыл толатын Жезқазғанның тарихы өткен ғасырдың 30-40-жылдарынан бастау алады. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені қалада салынғанына ғасырға жуықтап қалған үйлер баршылық. Ауызекі тілде «ағаш үйлер» атанып кеткен бұл үйлер әбден тозығы жеткеніне қарамастан, әлі күнге дейін пәтері жоқтарға баспана болып келеді.
Экономика • 27 Шілде, 2024
Әнуардың кәсіпкер болуына тікелей әсер еткен әкесі – Мұрат Ұзақбайұлы. Ол 80-жылдардың орта тұсынан заманның желі басқаша соға бастағанын жақсы түсінді. Келіншегі Гүлсім екеуі Жезқазғанда алғашқылардың бірі болып кәсіпкерлікке бет бұрды. Ескі мен жаңаның тайталасып тұрған шағы емес пе, көпшілік «кәсіпкерлік» дегенді мүлдем түсінбейтін. Бірі көзіне айтып, енді біреулері сыртынан «Бұлар капиталист болғалы жүргендер» деп мысқылдап жататын.
Энергетика • 26 Шілде, 2024
Баламалы энергия көздеріне деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Энергияға қоса экология мәселелерін шешуге де қабілетті жоба Ұлытау облысында қарқынды дами түсті. Қазір облыс бойынша бұл бағыттағы бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Таза Қазақстан» • 24 Шілде, 2024
Тазалық қоқыс тасталмаған жерде болады
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысының қалалары мен аудандарында экологиялық іс-шаралар өтіп, өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға зор үлес қосты.
Еңбек • 20 Шілде, 2024
Қазақтың алғашқы металлургтері ұлт өндірісінің қара шаңырағы – Қарсақбайда өсіп, жетілді. Солардың бірі Қойшыбек Доспанов еді. Ол кісі туралы «еді» деп сөйлеуге мәжбүрміз. Өйткені ол 2017 жылы 89 жасында бақилық болды. Бірақ соңына жақсы жол, өшпес із қалдырып кетті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» депті Лұқпан хакім. Әрине, саналы ұрпағы болса...
Қоғам • 20 Шілде, 2024
Қазір баяғыдай емес, ащы су ішетіндер анағұрлым азайды. Біреу рөлде екенін сылтауратып ішпейді, енді біреулер дәрі-дәрмектің күшіне мойынсұнған, ал, келесілерін психологтер кодтап тастаса, енді бір бөлігі дін жолына түскендіктен шайтансуға жоламайды. Мейлі, қалай болса да, адамдардың арақ ішпегендері дұрыс-ақ.
Экология • 18 Шілде, 2024
Сәуірдің алғашқы күндерінен бастау алған айналаны абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары Ұлытау облысында одан әрі жалғасып жатыр. Мұнда облыстың елді мекендерінде атқарылуға тиіс іс-шаралар нақтыланып, бекітілген. Ауқымды шаруаны атқарып шығу айтар ауызға ғана оңай. Әйтпесе, қыруар істің қисынын табу, орайын келтіру біраз күш-жігерді талап етеді.
Аймақтар • 17 Шілде, 2024
Жезқазғанның шеткері жағында ешкі сауып, сүтін сатып отырған отбасы туралы естігенде елең ете қалдық. Өйтпегенде ше? Қазір қала түгілі ауылдың өзінде «білегіне шелегін іліп, қора жаққа сауынға баратын келін-кепшік сиреп барады» дегенді жиі еститін болдық. «Қалада тұрып, ешкі сауып жүргені рас па екен?». Көңіліміздегі күмәнді серпілту мақсатымен жолға шықтық.