Жылдың алғашқы екі айында қымыз өндірісі – 11,8%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында елімізде 215 тонна қымыз өндірілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 тоннаға көп.
Ал шұбат өндірісі 22,2%-ға азайған. 2026 жылдың алғашқы екі айында 206 тонна түйе сусыны өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 тоннаға аз.
Айта кетейік, былтыр қымыз өндірісі – 1126 тоннаны (жыл ішінде 4,3%-ға азайған), ал шұбат өндірісі – 1425 тоннаны (+27,6%) құраған.