Қоғам • 19 Сәуір, 2023

Шымкентте пара алған аудан әкімінің орынбасары ұсталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте пара алған аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін олар кінәсіз болып есептеледі.

Ал Шымкент қаласының Антикор қызметі күдікке ілінген әкім орынбасары қай аудан әкімінің орынбасары екенін тергеу құпиясына сілтеп, жарияламады.