Әлем • 24 Наурыз, 2023

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Табиғи апат және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 7,34 км тереңдікте.

Еске салайық, Кахраманмарашта 21 наурызда - 4,1 қуатымен, 23 наурызда 4,3 және 5,3 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Ақпан айында болған табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті. Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше