Саясат • 10 Наурыз, 2023

Динара Шүкіжанова: Қазақстан экономикасының кірісінен шығыны көп

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

КТК телеарнасында өтіп жатқан сайлауалды пікірсайыс барысында Respublica партиясының тең төрағасы Динара Шүкіжанова қазақстандықтардың жағдайын жақсарту үшін партия не ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Динара Шүкіжанова: Қазақстан экономикасының кірісінен шығыны көп

«Біз, Respublica партиясы экономикалық өзгерістердің түпкі нәтижесі - қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту екенін нақты түсінеміз. Сіздерге қарапайым ғана мысал келтірейін, 2023 жылы Қазақстанның кіріс бөлігі - 17 трлн теңге, ал шығыс бөлігі - 21 трлн теңге. Демек 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 4 трлн теңге болады. Егер мемлекетіміз кәсіпорын болса, онда бұл кәсіпорын банкротқа ұшырар еді. Қандай саланы қалай дамытуды қалағанымыз маңызды емес. Оған ақша жоқ. Мұны бизнес ұстанымы тұрғысынан айтып отырмын. Respublica партиясы – экономиканың шынайы секторында жұмыс істейтін бизнесмендер», деді партияның тең төрағасы.

Динара Шүкіжанованың атап өтуінше, соңғы 10 жылда қазақстандықтар пандемияны, девальвацияны, санкцияны бастан кешірді және күн сайын шынайы экономика жағдайында жұмыс істеп жатыр.

«Біз басқаша әдіс ұсынғымыз келеді. Біз экономиканың, Қазақстан экономикасының кірісті болғанын қалаймыз. Сол уақытта кез келген қаражатты денсаулық сақтауға, білімге және өзге де салаларды дамытуға жұмсауға болар еді. Қазіргі сәтте бәріміз де 30 жылдан кейін әлемнің жоғалып кетпейтінін жақсы білеміз. Мүмкін залда отырған көпшілікке бұл қызық емес те шығар. Бірақ мені бұл толғандырады. 30 жылдан кейін қызым қазіргі менің жасыма келеді. Оның қалай білім алатыны, қайда жұмыс істейтіні және қалай емделетіні өте маңызды. Біз инфрақұрылымды дамытуымыз қажет. Шикізаттық бағыттан өңдеуге бет бұруымыз керек», деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, КТК телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс өтіп жатыр.

Дебатқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15