Қоғам • 23 Ақпан, 2023

«Bolashak Bright» қайырымдылық платформасының тұсаукесері өтті

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қазақстан Дүниежүзілік қайырымдылық индексінде бес саты жоғары көтеріліп, 93-орынға тұрақтады. Бүгінде елімізде  әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын 40-қа жуық қайырымдылық ұйымы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Bolashak Bright» қайырымдылық платформасының тұсаукесері өтті

Қазақстандық қайырымдылық қорларын бірнеше түрге бөлуге болады: қайырымдылықты дамыту, әлеуметтік жобалар, денсаулық сақтауды, мәдениетті және білім беруді қолдау, балаларға көмек, аз қамтылған отбасыларға көмек, заңгерлік және әлеуметтік көмек, қарттарға көмек, жануарларға көмек. Олар меценаттардың, қамқоршылардың қаражаты есебінен істеп тұрады.

23 ақпанда Астанада «Bolashak Bright» қайырымдылық платформасының тұсаукесері өтті.

«Кеше, 22 ақпанда біздің қорымызға 12 жыл болды. Осы уақыт аралығында біз елімізде қайырымдылықты жүйелі түрде дамытып келеміз. Соңғы жылдары біз басқа қорлардың жүйелі дамуына қалай көмектессек, оларға қалай қолдау көрсетсек деп жиі ойланатынбыз. Біз қайырымдылық мәдениетін дамыту жолындамыз. «Bolashak Bright»-тың арқасында жанашыр азаматтармен бірлесіп тамаша жобаларды қолдай алатынымызға сенімдіміз. Жобаның артықшылығыәрбір қайырымдылық жасаушы бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады», деді «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Тұсаукесерге жобаның ұйымдастырушылары, «Ninety One» тобының мүшелері, серіктестер, қайырымдылық қорларының басшылары, блогерлер, журналистер қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03