Алаш зиялыларының табанды еңбегінің нәтижесінде патшалық жүйенің рұқсатын алған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шыққанына 110 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ» газеті және Алаш идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Конференция жұмысын ашқан университет ректоры Жанар Темірбекова баспасөз бен кітап басу индустриясының пайда болуы халықтың саяси ұлтқа айналуына әсер еткенін атап өтті. «Ортақ тарих, ортақ саяси сана, ортақ Отан ұғымдары «Қазақ» газетінің ықпалымен қалыптасты. Әрі қазақ деген саяси ұлттың қалыптасуына, саналық тұрғыдан өркендеуінде орасан рөл ойнады», деді ректор. Ал университеттің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев конференцияның мақсаты мен маңызды тұстарына тоқталды. «Қазақ» газетінің тарихы мен қиындықтары, ел мүддесі үшін атқарған еңбектері жайлы айтып өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн қатысқан филология ғылымдарының докторы, академик, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы «Қазақ» газетінің басынан өткерген сын сағаттары мен бүгінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасын тілге тиек етті. «Қазақ» газеті халқымыздың рухани санасына реформа жасап, жалпыұлттық деңгейге көтерілгенін, ұлттың мемлекеттілігі жоқ кезеңде елшілдік ойдың, парасаттың, ұстанымның арқауын жалғағанын дәйектеді.
Өз зерттеулерімен бөліскен университет профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазретәлінің пайымдауынша, «Қазақ» газетінде ғасыр бұрын айтылған мәселелер бүгін де өз күшін жойған жоқ. Тіл мен ұлт тақырыптарынан басқа, бүгінгі әйел теңсіздігі сияқты тақырыптарды Алаш зиялылары да қозғаған. «Қазақ» газетінің ақпарат таратудағы сауаттылығы, өзекті тақырыптары мен ұлт жанашырлығына тоқталған ғалым газеттің шығу тарихына Түркістан қаласының қосқан үлесі туралы тарихи деректер келтірді. Бірінші санының қалай шыққанын, қаржы мәселелерінің шешімі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ конференция барысында профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серік Елікпаев өз ойларымен бөлісті. Зерттеу кезеңдерімен бөліскен барлық спикерлер «Қазақ» газетінің қазақ баспасөзіне сіңірген еңбегін атап көрсетті.
Конференция аясында «Қазақ» газеті мен Алаш зиялыларына қатысты құнды еңбектер қойылған көрме арқылы студенттерге кітап, газет-журналдармен кеңінен танысуға мүмкіндік жасалды. Жиын соңында онлайн және оффлайн қатысушылар «Қазақ» газетінің маңыздылығын, қазақ баспасөзі төл тарихын дәріптеп, жиын өткізген журналистика кафедрасы мен университет ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Түркістан
Жанқош Тұраров ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 12:13
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп жұмысын сынға алды
Президент • Бүгін, 12:10
Президент: Халық үшін тұрғын үй - ең өзекті мәселе
Президент • Бүгін, 12:00
Медицина қызметкерлері заңмен қорғалады
Президент • Бүгін, 11:53
Электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі дайындалып жатыр
Президент • Бүгін, 11:51
Президент: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек
Президент • Бүгін, 11:42
Ұқсас жаңалықтар