
Кадет сыныбына барлығы 22 оқушы қабылданған. Олар арнайы бағдарлама негізінде тәртіп, құқықтық білім мен патриоттық тәрбие бағытында білім алады. «Бұл бастама жас буынды Отанға қызмет етуге, жауапкершілік пен заңдылықты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған» дейді ұйымдастырушылар.
Мәлік Сағынұлы Рушанов – Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Өспен ауылының тумасы. Ол 1990 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып, 1995 жылғы 7 қазанда Ақсай қаласында қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан.
Сыныптың ашылу рәсіміне ішкі істер органдары өкілдері, сала ардагерлері, мектеп ұжымы мен оқушылар, марқұмның туыстары және қоғам белсенділері келді. Жиында Мәлік Рушановтың өмір жолы мен ерлігі туралы естелік айтылып, жас ұрпаққа оның батырлығы үлгі етілді.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында бұған дейін екі «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылған болатын. Оның бірі – Ақсай қаласындағы №5 орта мектептің полиция подполковнигі Ишбулат Төреғожаұлы Шектебаев атындағы сыныбы болса, екіншісі Орал қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №46 мектепте – полиция сержанты Иват Құбайдоллаұлы Рушанов атындағы сынып.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қолдауымен ашылып жатқан «Жас сақшы» кадет сыныптары – жас ұрпақ бойында тәртіп пен патриотизм сезімін қалыптастырып, болашақ құқық қорғаушыларды тәрбиелейтін алғашқы баспалдаққа айналып келеді.