Әлем • 06 Ақпан, 2023

Илон Маск Түркияға көмек көрсетуге дайын

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық миллиардер Илон Маск SpaceX компаниясы жер сілкінісінен кейін зардап шеккен Түркияға көмек көрсету үшін Starlink спутниктік байланыс жүйесінің терминалдарын жіберуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск Түркияға көмек көрсетуге дайын

Бұл туралы миллиардер өзінің Twitter парақшасында жазды.

«SpaceX рұқсат алғаннан кейін терминалдарды жіберуге дайын», делінген хабарламада.

Ол Starlink түрік билігінен құтқарушыларға көмектесу үшін терминалдар жіберуге әлі рұқсат алмағанын түсіндірді.

Starlink-ті Түркия үкіметі әлі мақұлдамаған. SpaceX мақұлдауды алғаннан кейін ғана жібере алады.

Биліктің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан Түркияда 76-дан астам адам, Сирияда 50-ден астам адам қайтыс болған.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті