Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:44

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокуратурасы сотта бопсалау мен психологиялық қысым көрсету арқылы қылмыс жасаған топтың кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды

Бұл топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңірде азаматтарды бопсалаумен айналысқан. Қаскүнемдер әлеуметтік желі мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен оларды өз үйлеріне шақырған.

Қылмыстық схема психологиялық қысым мен манипуляцияға негізделген. Адамдарды жалған «зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз» деп қорқытып, мәселені реттеу үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Жәбірленушілер алдын ала бөлінген рөлдер бойынша әрекет ететін тұлғалар тарапынан қатты қысымға ұшыраған.

«Бизнесіңді жаптырамын»: Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Құқыққа қайшы әрекеттер анықталғаннан кейін күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Құжаттар мен дәлелдемелер қаралып, іс сотқа жолданды.

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы қылмыстық айыптарды негізді деп дәлелдеді, ұсынылған дәлелдерге құқықтық баға берілді.

2026 жылғы 30 қаңтарда Талдықорған қалалық соты күдіктілерді ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге жазаларын белгіледі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қарағандыда балалардан 10 млн теңге ақша бопсалағандар ұсталды

Соңғы жаңалықтар