Экономика • 24 Қаңтар, 2023

Ілкімді жобаларға – ірі инвестиция

35 рет көрсетілді

Экономиканың дамуына серпін беретін тетіктің бірі – инвестиция. Бұл ішкі өндіріске бағытталған нақты қаржы айналымынан бөлек елдегі жағдайдың тұрақтылығын да айшықтайтын маңызды фактор. Ал шетелдік инвесторлардың ілкімді жобаларға көптеп келе бастауы жақсылықтың нышаны. Әсіресе, аймақтарда инвестициялық жобалардың көбеюі жарқын болашаққа бастайтын сенім жолы екені даусыз.

Алматы облысында да шетел инвестициясымен жұмыс істеу бағы­тында ауқымды іс-шара атқарылу­да. Мысалы, қазір Алматы облысы әлем бойынша 97 елмен сауда ынтымақтастығын жүргізіп отыр. Өткен жылдың 7 айында облыстағы экспорт айналымы 179,9 млн долларды құрады. Бұдан басқа шетелдік инвесторлардың қатысуымен ашылған, жалпы құны 1,3 млрд доллар болатын 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 6 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Тіпті әріге бармай-ақ, 2022 жылдың сегіз айы аралығында ғана облыс экономикасына құйылған инвестиция ағыны 19 пайызға ұлғайып, жалпы қаржылай көлемі 320 млрд теңгеден асып түскенін айтсақ болады. Мұнан бөлек, облыстың инвестициялық тартымдылығына әлемге аты әйгілі қаржы ұйымдары назар аударып отыр. Былтыр Еуропалық инвестиция банкінің өкілдері аймаққа арнайы сапар жасап, бірқатар жобаны қаржыландыруға ниетті екенін білдірді. Облыс әкімдігімен мәмілелі меморандум жасалған-ды. Ал Еуропалық инвестиция банкі деген «екі шоқып, бір қарайтын» ұйым болғандықтан, бұл өңірдегі жобалардың сәтті жүзеге асатындығына кепілдік бар деген сөз. Жалпы, Еуропалық инвестиция банкінің жұмыс бағыты негізінен 4 салаға бағытталған. Инновацияларды қолдау, шағын бизнесті дамыту, климатты қорғау және инфрақұрылым нысандарын құру сияқты негізгі ұстанымдары бар. Осы мақсатта банк мемлекеттік және жеке секторға, оның ішінде инновациялық стартаптарды қаржыландыру үшін кредиттер береді.

– Әдетте шағын және орта бизнеске елдің өз банктері де қолдау көрсетеді. Ал Еуропалық инвестиция банкі орта деңгейлі компанияларға, оның ішінде ғылыми-зерттеу саласы мен дамуға қажетті инвестиция­ны тікелей қолдау ретінде көрсете алады. Жалпы, біз Қазақ­станға жеке инвесторлар мен мем­лекеттік қаржы мекемелерінің қара­жатын тартып, жұмыс істеуге мүдде­ліміз. Бұл тізімде Алматы облысы бірін­ші тұр деуге болады. Қаржы ұйымы ЕуроОдақ кеңесінің шешіміне сәйкес Азия елдеріндегі жобаларды қаржы­лан­дыру бойынша кредиттік операция­лар жүргізу мандатына ие, – деген еді Еуро­палық инвестиция банкінің мем­ле­кеттік мекемелермен жұмысын дамыту бөлімінің маманы Адам Бруун.

Ал күні кеше Алматы облысына Дүниежүзілік банк өкілдері келіп, өңірдегі инвестициялық жоба­ларға қолдау танытуға ниетті екенін жария етті. Облыстың әлеуетін бағам­дап, негізгі инвестициялық жоба­ларға қол­дау көрсетуді көздеген Дүние­жүзі­лік банктің портфеліне 11 жоба кіреді. Қаржы ұйымы жалпы 4,37 млрд доллар көлемінде несиелеуге қауқарлы. Дүниежүзілік банк өңірлерді дамыту­ға бағыттал­ған ин­вестициялық жоба­лардың жүзеге асуына ықпал етуде тәжірибесі мол. Мәселен, көрші Қыр­ғызстан мем­ле­кеті­мен қатар, Грузия, Албания жерін­де де жұмыс жасап жатыр. Қазақ­стан оның ішінде, Алматы облысына ат басын бұрудағы көздеген нысанасы өңірдегі адам басына шақ­қандағы экономикалық даму деңгейін анықтау, аймақтың әлеуетін қарастыру һәм инфрақұрылым мен мемлекеттік қызметке қатысты жобаны біріктіру арқылы облыстың экономикалық бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстарды іске асыру болып отыр. 

– Қаржы ұйымының негізгі көз­деген мүддесі – Қазақстанның аймақ­тық әлеуеті мен ондағы мәселе­лер туралы ақпараттарды жинақтау. Жаңадан құрылған 3 облыс пен төрт жаңа облыс орталығының эконо­микалық драйверін анықтай оты­рып, жұмысты жалғастыру. Ал­дағы уақыт­та облыстардан жинақ­таған мәлімет­тер мен өз зерттеу­лері­мізді біріктіре келе, жаңа жоба ұсынамыз деген ойдамыз, – дейді Дүниежүзілік банктің қалалық даму және табиғи апаттар тәуекелдерін басқару жөніндегі аға маманы, жобалау командасының басшысы Хуанг Чи-Юн.

Банк өкілдерімен кездесуде ай­мақ­та­ғы инвестициялық тартымды­­лық туралы сөз өрбіткен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің 2020-2025 жылдарға арналған және 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы бекітілгенін алға тартты. Ол аймақта 4 қала барын тілге тиек етті. Соның бірі – облыс орталығы Қонаев қаласы болса, екін­шісі – Алматы шаһарына жақын тұрған – Қаскелең. Бұл аймақтарда инфрақұрылымның тозығы жеткенін аймақ басшысы бүкпесіз баяндады. Яғни болашақта осы бағыттағы жаңғырту жұмыстарына Дүниежүзілік банктің қаржы салуынан үміттенеміз.

– Біз жаңа облыс орталығында отырғанымызбен, Алматы облысы бұрыннан бар. Облыста ауыл шаруашылығын жетілдіруге басым­дық берілген. Әуелде су мәсе­лесінің күрмеуін тарқатсақ, артын­ша ауыл­дық жерлердің жағдайын жақсарту­ға мүмкіндік жетерлік. Облыстағы халықтың 83 пайызы ауылдық жерде тұрады, сол себепті ауыл шаруа­шы­лығын дамыту маңызды. Ол үшін ең алдымен суармалы жерлерді кеңей­туге ден қойған абзал. Аймақ мал шаруашылығында республикада үшінші орында, ал құс шаруашылығы бойынша бірінші орында келеді. Бұл бағытты әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік мол. Негізгі мәселе өндірісті экспортка шығарумен астасып жатыр, – дейді облыс әкімі.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Дипломатияның даму жолдары

Саясат • Бүгін, 08:58

Сөз өнерінің суреткері

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек құқығы қорғалады

Еңбек • Бүгін, 08:45

Су басу қаупі жоқ

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40

Ауылға әл беретін несие

Ауыл • Бүгін, 08:30

Бағыты айқын «Respublica»

Партия • Кеше

Ауыл жоқшысы

Отбасы • Кеше

Парасатты полиция

Қоғам • Кеше

Іс көп, судья аз

Құқық • Кеше

Аспалы жолда абайла!

Аймақтар • Кеше

Апатты жағдайдың алдын алды

Төтенше жағдай • Кеше

Тасқынға – тосқын

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар