Коронавирус • 24 Қаңтар, 2023

Тұмау бәсеңдеді

28 рет көрсетілді

Ақтөбе облысында қаңтарда коронавирус инфекциясына шалдыққан 24 науқас тіркелсе, кейінгі аптада бірде-бір коронавирус белгісі бар адам табылмаған. 17 қаңтарда анықталған ең соңғы науқас – тұмау белгілерімен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен жүкті келіншек. Ауруханада одан коронавирусқа қарсы ПТР-тест алынғанда, оң нәтиже көрсеткен.

Дегенмен еліміздің эпидемия­лық ахуал бойынша «жасыл» ай­мақ­та тұрғанына қарамастан, ар­қа­ны кеңге салуға болмайды. Өйт­кені коронавирустың әлсіз штам­дарының тұмау және вирусты инфекцияға қосылып кету жағ­дайын да жоққа шығармайды дәрі­гер­лер. Оның үстіне кейінгі айда әлемде коронавирустың жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сондықтан коронавирусқа қарсы вакцина алу жалғаса береді. Алдағы наурыз айының соңына дейін Ақтөбе облысына Pfizer екпесі әкелінеді деп жос­парланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.

Желтоқсаннан бастап өңірде адамның жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын жіті респираторлы вирусты инфекция және тұмау өршіп кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың хабарлауынша, биыл тұмаумен балалар көп ауырды. Және бір ерекшелігі – тұмау адамның ағзасынан ұзақ уақыт кетпейтіні байқалды.

«Биыл қаңтар айында Ақтөбе облысында тұмауға шалдыққан 626 мектеп оқушысы, 938 жүкті әйел тіркелді. Кейінгі екі айда тұрғындар арасында тұмаудың А және Р түрі қатар тарады. Дәрігерге жүгінген науқастардан полимералды тізбек реакциясымен 2 675 үлгі зерттелгенде, оның 238-інен тұмау белгілері анықталды. Тіркелген науқастардың 85 пайызы тұмаудың риновирусты инфекциясына, 15 пайызы аденовирусты түріне шалдыққаны анықталды. Дене қызуы жоғарылап, қатты жөтел мен тыныс алуы қиындаған 126 жүкті әйел, бір жасқа дейін­гі 104 сәби жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Кейін­гі аптада тұмау мен жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдығушылар санының бәсеңде­гені байқалады. Қазіргі уақытта 65 тұрғын стационарлық жағдайда ем қабылдап жатыр. Оның 61-і Ақтөбе қаласында, төртеуі аудандық ауруханаларда емделуде. Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауру­ханасында тұмауы асқынған бір жасқа дейінгі 25 бала, 3 жас­қа дейінгі 19 бала, 10 жүкті әйел ем қабылдап жатыр», дейді Б.Із­басаров.

Облыстық санитариялық-эпиде­миологиялық бақылау департа­ментінің дерегіне қарағанда, Ақтөбе облысында кейінгі сегіз ай ішінде жіті респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен 43 835 адам ауырып, дәрігерлер көмегіне жү­гінген. Соның ішінде 14 жасқа дейін­гі балалардың арасында 24 869, бір жасқа дейінгі балалар арасында 1 254 жағдай тіркелді. Қараша, жел­тоқсан, қаңтар айында 208 мектеп оқушысы ЖРВИ және тұмаумен ауырып шыққан. Қыстың соңғы айы да таяу қалға­нына қарамастан, санитарлық-эпидемологиялық қыз­мет мамандары тұрғындардың сақтық шаралардан бас тартпауын сұрайды. Жұқпалы ауруға шалдықпау үшін қоғамдық орындарда маска тағып, белсенді дене жаттығуларын жасап, ашық ауада серуендеу керек, үй-жайларды үнемі желдетіп тұру қажет деп кеңес береді. Қыс кезінде адам ағзасында дәрумендер жетіспеушілігі байқалатындықтан, дұрыс тамақтануға мән беру керек.

Бұл ретте қазан айынан бас­тап Ақтөбе облысында алдын ала тұмауға қарсы 170 мыңнан аса тұрғын екпе алғанын айта кет­кен жөн. Қазіргі уақытта тұрғындар ара­сында тұмау мен жіті респиратор­­лы вирусты инфек­цияға шал­дық­қандар саны айтарлықтай төмендеді.

 

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар

Дипломатияның даму жолдары

Саясат • Бүгін, 08:58

Сөз өнерінің суреткері

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек құқығы қорғалады

Еңбек • Бүгін, 08:45

Су басу қаупі жоқ

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40

Ауылға әл беретін несие

Ауыл • Бүгін, 08:30

Бағыты айқын «Respublica»

Партия • Кеше

Ауыл жоқшысы

Отбасы • Кеше

Парасатты полиция

Қоғам • Кеше

Іс көп, судья аз

Құқық • Кеше

Аспалы жолда абайла!

Аймақтар • Кеше

Апатты жағдайдың алдын алды

Төтенше жағдай • Кеше

Тасқынға – тосқын

Аймақтар • Кеше

Сағи жыры

Әдебиет • Кеше

Мәңгіліктің елесі

Әдебиет • Кеше

Бір ойында – 11 гол

Спорт • Кеше

Ұқсас жаңалықтар