Теннис • 20 Қаңтар, 2023

Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты
Биыл қос теннисші Аделаидада кездесіп, онда Қазақстан теннисшісі 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Елена өз спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына өтті. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025