Қаржы • 21 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы көтерілді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар бағамы көтерілді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,99 теңгеге көтеріліп, 470,28 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 желтоқсандағы ресми бағамы долларға 469,18 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,71 теңгеден сатып алынып, 471,89 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,92 теңге, сату – 473,05 теңге.