Қазақстан • 30 Қараша, 2022

Іле-Балқаштағы құлан үйірі

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтын-Емел ұлттық паркінен «Іле-Балқаш» резерватына шамамен 50 бас құлан жеткізілді. Олардың ортаға бейімделуі жеңіл өтуі үшін жануарлар аумағы 22 гектар болатын арнайы қоршауға орналас­тырылды. Бұл жерде шамамен 5-7 ай уақытқа дейін болады, одан кейін тұяқтылар табиғи ортаға жіберілмек.

Іле-Балқаштағы құлан үйірі

Сонымен қатар аталған ау­маққа тағы да бұқар бұғылары әкелінді. Резерват аумағына бұғыларды жерсіндіру 2018 жы­лы басталған болатын. Сол жылы алғаш рет 5 құлан қоршау ішіне жіберілген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 2019 жылы – 17 бас, 2020 жылы – 30, 2021 жылы – 53 және биыл 54 бас бұғымен толықты, оның 15-і қазіргі таңда қоршауға жіберілген.

Қызыл кітапқа енген жа­нуарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында әр қоршау ішіне 2 фототұзақтан орна­тыл­ған.

Еске сала кетейік, тұяқ­ты­лардың Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстан­ға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дү­ниежүзілік жабайы табиғат қорымен бірлесіп, БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырады.