Президент • 08 Қараша, 2022

Атырау облысындағы медициналық инфрақұрылым сапасы сын көтермейді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында емхана ғимараттары тапшы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы медициналық инфрақұрылым сапасы сын көтермейді

«Өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға баса мән берген жөн. Облыста өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастардың саны көбейіп барады. Ана мен бала өлімі де аз емес. Бұған өңірдегі экологиялық ахуалдың нашарлығы, білікті дәрігерлердің тапшылығы себеп болып отыр. Осы орайда, басты міндеттің бірі – медициналық инфрақұрылымды жақсарту», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Атырау қаласында емхана ғимараттары тапшы екенін атап өтті.

«Облыстағы медицина мекемелерінің 40 пайызға жуығы осындай жағдайда жұмыс істеп жатыр. Психикалық денсаулық орталығы, онкологиялық диспансер, жедел жәрдем станцияларының жағдайы сын көтермейді. Тіпті, бұл мекемелердің ғимараттары пайдалануға жарамсыз. Осы мәселенің бәрін шұғыл шешу қажет», деді Тоқаев.