Саясат • 08 Қараша, 2022

Ырыс алды – ынтымақ

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді.

Ырыс алды – ынтымақ

 

Кәсіпкерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфра­құрылым­ды дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың коммуналдық шаруашылық саласында ұсынған реформалары, туралы айтып берді.

Бұл күні штаб мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.

«Қазір біздің еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі зор. Әділдік бар жерде халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз. Мемлекетімізді сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету әділетті Қазақстан құруды талап етіп отыр. Әділетті Қазақстан құру үшін ең алдымен бүкіл қоғамды өзгертіп, оған баршамыз атсалысуымыз керек. Барлығымыз алдағы сайлауға белсенді қатысуымыз қажет, себебі еліміздің ертеңгі тағдыры әрбіріміздің дауысымызға байланысты», деді жыршы Ұлжан Байбосынова. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше