Пікір • 04 Қараша, 2022

Жүйелілік қағидаты

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рақымшылық жасау туралы» заң мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген.

Жүйелілік қағидаты

Мемлекет басшысы биылғы қыр­күйек айындағы Жолдауында: «Мем­лекет қаңтар оқиғасына қатыс­қан, бірақ ауыр қылмыс жаса­маған азамат­тар­дың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Олар­ға ке­шіріммен қараған дұрыс деп ой­лаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқи­­ғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», деп атап өтті.

Президенттің тап­­сыр­масы бойынша Пар­ламент де­путаттары тарапынан әзір­ленген заң сол бір қатерлі өткелде қателікке бой алдырып, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауыр­лығы орташа қылмыс жаса­ған­дарға қатыс­ты нағыз адам­гершілік көрсетуді көз­дейді.

Рақымшылық өз қатесін мойын­­даған және қылмысы үшін кешірім сұра­ған адамдарға ғана жасалады, себебі қыл­мыс ақ­талмайды, қыл­мыс­қа аңда­май, қате­лік­пен жол бергендерге рақымшылық жасалады. Тағы бір ескеретін жайт, бұл жолғы рақымшылық бір реттік сипатқа ие. Заңда рақымшылық жасауға жататын баптар нақты келтірілген.

Рақымшылық уақыт бойынша да, қолданылатын адамдар үшін де шектеулі. Атап айтқанда, рақымшылық тек 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстық әрекеттерге ғана қатысты қолданылады.

 

Амангелді ТОЛАМИСОВ,

Сенат депутаты