Парламент • 03 Қараша, 2022

Мәулен Әшімбаев қабылданған заңдарға қатысты пікір білдірді

5623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту, өкілеттіктер мен жауапкершілік тепе-теңдігін қамтамасыз ету – Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев қабылданған заңдарға қатысты пікір білдірді

«Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты – адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту, билік тармақтары арасындағы, сондай-ақ орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктердің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Бүгінгі қабылданған заңдар демократиялық институттарды дамытуға, азаматтардың мемлекеттік және саяси құрылымдарға сенімін нығайтуға ықпал етеді. Бұл әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам», деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін Сенатта Конституциялық сот туралы заң қабылданғаны хабарланған еді.

Енді қазақстандықтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заңдарға немесе нормативтік құқықтық актілерге қарсылық білдіре алады. Азаматтардың өтініштерін Конституциялық сот қабылдайды. Сондай-ақ заң мемлекеттің құқық қорғау институттарын нығайтып, азаматтардың конституциялық бақылауға қолжетімділігін кеңейтуі тиіс.