Білім • 01 Қараша, 2022

Алғашқы сыйақы

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан оқушылары олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасы арқылы мүмкін болған. Енді 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады.

Алғашқы сыйақы

Халықаралық пәндік олим­пиадалардың жеңімпаз 27 оқу­шысы 73 млн теңгеден астам қаражат алды. Оқу­шы­­ларды білім нәрімен бап­таған ұстаз-тәлімгерлері де бір­жол­ғы ақшалай төлемге ие болады. Бұл туралы Оқу-ағарту ми­нистрлігі Тelegram арнасында хабарлады. Озат оқушылар білімдерінің арқасында тап­қан сыйақыларын қалай жұм­сайтындықтарын да жасыр­маған.

«Биыл осындай беделді олимпиадаға алғаш рет қа­тыстым. Оған көп дайын­далдым. Әрине, Оқу-ағар­ту министрлігінің ел ішін­де өткізген олимпиадалары арқылы елімізді әлемдік аре­на­да лайықты көрсетуге мүм­кіндік алдым. Елімізді абыроймен таныта алғаныма қуаныштымын. Географиядан қатысқан олимпиадада же­ңіске жеткенім үшін алған ақшам­ның бір бөлігін депо­зитке салуды жоспарлап отырмын. Қалғанын ата-анама беремін. Мұндай ақшалай марапаттар бізге үлкен ынта-жігер, мотивация береді, келесі жылы бәсеке бұдан да жоғары болатынына сенімдімін. Алдағы жылы осы олимпиадаға тағы да қатысқым келеді», дейді географиядан халықаралық олимпиаданың (IGeO) алтын жүлдегері Санжар Хамитов.

Жеңіс тұғырынан көрінген қалған оқушылар да алған жүлделерін депозитке салып, өздеріне қажетті сыйлықтар сатып алатынын айтады, қал­ған табыстарын ата-анала­ры­на бермек. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасын орын­дау аясында Оқу-ағарту ­ми­н­истр­лігі халықаралық ­пән­­­дік олимпиадалардың жеңім­­паздарына 1,5 млн-нан 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы та­ға­йындаған. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Айма­ғамбетов айтқандай, биыл тізімге 7 олимпиада кір­се, келесі жылы ол тағы 7 олим­­пиадамен толығады.

Осылайша, 2022 жылы ұлт­тық құрама ел қоржынын 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медальмен толықтырып отыр.