Оқиға • 31 Қазан, 2022

Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобус аударылып қалды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 қазанда Қостанай-Екатеринбург бағытындағы жолда 22 жолаушысы бар автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобус аударылып қалды

Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің Челябі облысы бойынша бас басқармасы мәлімдеді. Жолдағы тайғақтың кесірінен жүргізуші рульге ие бола алмай, шұңқырға түсіп кеткен. 

«Жол апаты салдарынан 13 жолаушы медициналық көмекке мұқтаж болды. Олар Челябі, Кунашак және Касли аудандарындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Қостанайдан Екатеринбургке вахталық әдіспен жұмыс істеуге бара жатқан автобуста барлығы 22 жолаушы болған», деп жазылған хабарламада. 

Автобусты 38 жастағы Екатеринбург тұрғыны басқарған. Оның 12 жыл көлік жүргізу өтілі бар, жол ережесін бұзғаны үшін ешқашан әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.