Қоғам • 19 Қазан, 2022

Қазақстандық құтқарушылар 400 мыңнан астам адамды құтқарған

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1995 жылдан бастап Қазақстандық құтқарушылар ТЖ жоюға байланысты 1 млн 545 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық құтқарушылар 400 мыңнан астам адамды құтқарған

«Жұмыс жылдары, яғни 1995 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ТЖ қызметтері төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 млн 545 мыңнан астам сапар жасады. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 401 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ түрлі аймақтарынан 366 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 66 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді», деді Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ вице-министр биылғы жылдың басынан бастап Төтенше жағдайларды жою үшін өрт сөндіру қызметі, Жедел-құтқару және ТЖМ-нің басқа да бөлімшелері 61 мыңнан астам шығуды жүзеге асырғанын, 9 мыңнан астам адамды құтқарғанын, 10 мыңға жуық адамды эвакуациялағанын, 3 мыңнан астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін қоса айтты.

Спикердің айтуынша, осы жылы 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелген. «112» шұғыл қызметтерінің телефондарына 4 901 489 рет, «101» пультіне 1 143 323 рет қоңырау шалынған. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 0,1%-ға өскені байқалды, бұл ретте қаза тапқандар саны 26,4%-ға төмендесе, материалдық шығын мөлшері 40,3%-ға азайды.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі.