Экономика • 13 Қыркүйек, 2022

Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 8 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсті

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрағанын мәлімдеді.

Нақты сектор 3,3%-ға өсті, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі жақсы қарқынмен өсіп келеді. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 5,7%-ға дейін жеделдеген.

«Аталған кезеңде сыртқы сауда айналымы 36,9%-ға өсіп, $74,3 млрд-ты құрады: экспорт 52,9%-ға өсіп, $48,9 млрд болды. Оның ішінде өңделген тауарлар 35,7%-ға өсіп, 14,3 млрд болды, ал тауар импорты $25,3 млрд-қа жетті (14%-ға өсті). Оң сауда теңгерімі $23,6 млрд-қа жетті (өсім 2,4 есе).

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 7,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 18,2%-ға, электр жабдықтары өндірісі 8,3%-ға, тамақ өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға, сусындар өндірісі 7,5%-ға, пластмасса бұйымдарының өндірісі 5,1%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісі 2,4%-ға, химия өнеркәсібі 11,8%-ға, киім-кешек өндірісі 7,1%-ға өсті», деді Әлібек Қуантыров.