Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022

Конституциялық Кеңес Мәжіліс депутаттарының ұсынысын қарайды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты Республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды. Бұл туралы ҚР Қонституциялық Кеңесінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституциялық Кеңес Мәжіліс депутаттарының ұсынысын қарайды

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.