Әдебиет • 25 Тамыз, 2022

Әлемдегі ең алғашқы роман

815 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көркем шы­ғарманың көк­жиегі деген сөз­дің жаны бар сияқты. Кей шы­ғармалар жазы­лады, алайда көп өтпей уақыт сы­нынан, заман талабынан, оқыр­­манның назарынан өтпей қалады. Ал кейбір туындылардың жыл­дар өткен сайын салмағы арта түседі. Мәңгілік шығармалар дегеніміз әне солар. 1000 жыл бұрын жазылған ХІ ғасырдағы Жапонияның эпикалық хикаясы «Гендзи туралы хикаяны» Мурасаки Шикибу есімді әйел қаламгер жазыпты. Ол ақындықпен қатар Жапон елінің Хейан дәуіріндегі император сарайында қызмет еткен.

Әлемдегі ең алғашқы роман

Аталған хикаяттан сырт ол «Мурасаки ха­нымның күнделігі» және 128 өлеңнен құ­ралған «Поэтикалық естеліктер» деп аталған жинақтың авторы. Оның шығармалары жапон тілінің ауыз екі тілден жазба тілге ауысқан кезеңінде жапон жазуының жасалуы мен дамуында маңызды рөл атқарған.

Біз сөз етіп отырған әлемдегі ең алғашқы роман 1100 бет, 54 тараудан тұрады. Автор бұл шығармасын тапжылмай он жыл жазыпты. Зерттеушілер бұл еңбектің алғашқы тарауларын қаламгер некеде тұрғанда немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ал кейінгі бөлімдерін сарай сотында лауазымды қызмет атқарып жүргенде қағазға түсірген деп жорамалдайды. Қандай қызмет атқарса да, жазуын тастамаған алғашқы роман авторы осындай көлемді туындыны жарыққа шығару үшін өзгелердің көмегіне мұқтаж болғаны шындық. Жанкүйерлері оған қым­бат қағаз бен сия, сондай-ақ каллиграфтар алып беріп тұрады. Ал алғашқы қолжазба томдар­ды күтуші ханымдар жинап, жіпке тізген екен.

Сыншы Кин өзінің «Жапон әдебиетінің ғажайыптары» атты еңбегінде Мурасаки «жапон фантастикасының ең керемет туындысын» вака сот күнделіктерінің дәстүрлеріне сүйене отырып жазды дегенді айтады.

Аталған романның ең соңғы ағылшын тіліндегі аудармасы 1300 бетті құрайды. «Бұл – әдебиеттің монументалды туындысы», дейді Гарвард университетінің жапон өнері мен мәдениетінің профессоры Мелисса Мак­Кор­мик. Ал білікті әдебиеттанушылар 1000 жыл бұрын жазылған бұл шығарманы әлемдегі алғаш­қы роман деп атады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15