Оқиға • 27 Шілде, 2022

Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі елордада көше ортасында өрт шыққан автобусқа қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты

«27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінде жанып жатқан автобус туралы түскен хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына жеткен бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025